14 қарашада біздің мектепте "Мектептерге арналған PISA" халықаралық зерттеуі жүргізілді. "Мектептерге арналған PISA" зерттеуіне қатысу үшін 15,3 пен 16,2 жас аралығындағы 9,10 сыныптың 8 оқушысы таңдалды. Зерттеуге қатысушылар оқу, математика, жаратылыстану (оқу сауаттылығы, Математикалық сауаттылық және жаратылыстану сауаттылығы (биология, химия, физика және география) бойынша тест сұрақтарына 5 минут үзіліспен 2 сағат жауап берді. Тестілеу аяқталғаннан кейін оқушылар 15 минут демалып, сауалнама сұрақтарына жауап бере бастады. Тестілеу нәтижелері 1,5-2 айдан кейін белгілі болады. Мұның алдында тест шешімдері, психологиялық тренингтер, сынып және ата-аналар жиналыстары болды. Мектептер үшін PISA дегеніміз не? Бұл оқушылардың дағдыларын бағалауға бағытталған бағдарлама